ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Спорт

Жетісу спорты өркендеуде: 292 мыңнан астам тұрғын тұрақты түрде спортпен айналысады

15 августа, 2025
Жетісу спорты өркендеуде: 292 мыңнан астам тұрғын тұрақты түрде спортпен айналысады
Share on FacebookShare on Twitter

Өңірде дене шынықтыру мен спортты дамыту басты басымдықтарының бірі болып отыр. Бұл туралы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Дуанаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, биыл жергілікті бюджеттен спорт саласына 22 млрд-тан астам қаражат бөлінді. Бүгінде облыста 1000 астам спорт нысаны жұмыс істейді, олардың қатарында 13 стадион, 42 спорт кешені, 18 бассейн, 502 спорт залы және басқа да инфрақұрылымдар бар.
Биыл 5 ірі спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр, соның ішінде Лепсі және Қабанбай ауылдарындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, көркем гимнастика залы және блокты-модульды спорттық кешендер бар.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, облыста заманауи шаңғы-биатлон кешенін салу жоспарда. Қаржыландыру республикалық бюджет есебінен қарастырылуда.
Қазіргі таңда спортпен тұрақты айналысатындардың саны 292 мыңнан астам адам. Ұлттық спорт түрлерімен 26 мыңнан астам тұрғын шұғылданады. Мүгедектігі бар азаматтар үшін 24 спорт түрі бойынша 1 519 адам жаттығады.
Жалпы жыл басынан бері өңірде 3 мыңнан астам спорттық іс-шара өткізілді. Облыста алғаш рет жасөспірімдерге арналған «J-LEAGUE» ауқымды спорттық жобасы іске қосылды. Жарыс өңірдің барлық аудандары мен қалаларын қамтып, оған жалпы 9 мыңға жуық бала қатысты.
Спикердің айтуынша, облыстың барлық жалпы білім беру мекемелерінде қыркүйек айынан бастап футбол командалары құрылып, мектепшілік футбол федерацияларының Президенттерін сайлау жоспарлануда.
Жетісу спортшылары жыл басынан түрлі деңгейдегі жарыстарда 811 медаль жеңіп алды. Олимпиадалық, паралимпиадалық және ұлттық спорт түрлеріне бюджет қаражатының 80 пайызы бөлінеді.
Спортшылардың әлеуетін арттыру және олардың кәсіби дамуына қолдау көрсету мақсатында жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздік 181 спортшының, соның ішінде 82 мүгедектігі бар спортшының еңбегі лайықты бағаланып, оларға ай сайын 78 мыңнан 471 мың теңгеге дейін ақшалай жабдықталым төленуде.

Алакөл туризмі рекорд орнатты: 1,8 миллион демалушы қабылданды
Аймақтар

«Қорғас» халықаралық хабы екі есе өсті – бюджетке 3,5 млрд теңге түсті

5 декабря, 2025
Алакөл туризмі рекорд орнатты: 1,8 миллион демалушы қабылданды
Аймақтар

Алакөл туризмі рекорд орнатты: 1,8 миллион демалушы қабылданды

5 декабря, 2025
Жетісуда тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері 37,7 пайызға артты
Құқық

Жетісуда тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері 37,7 пайызға артты

1 декабря, 2025
Жетісу облысында шетелдік келушілер саны 43%-ға өсті
Құқық

Жетісу облысында шетелдік келушілер саны 43%-ға өсті

26 ноября, 2025
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу