ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Құқық

Жетісу облысында тұтынушыларға 41 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды

30 сентября, 2025
Жетісу облысында тұтынушыларға 41 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды
Share on FacebookShare on Twitter

Облыста тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында бірқатар жұмыстар атқарылды. Жетісу облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің деректеріне сәйкес, бүгінгі күнге 643 азаматтың өтініші тіркелген. Оның ішінде 138-іне құқықтық көмек көрсетіліп, 368-іне ақпараттық түсініктеме берілді. 162 рет мемлекеттік бақылау жүргізілген. Ал сотқа 31 тұтынушының шағымы жеткен. Нәтижесінде тұтынушыларға қайтарылған қаражаттың жалпы көлемі 41 млн теңгеден асты.

Шағымдардың басым бөлігі бөлшек сауда, электрондық сауда, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, тұрмыстық қызметтер және туристік қызметтер салаларынан түскен.

Жыл басынан 12 профилактикалық тексеру барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны заңсыз көтеру фактілері анықталды. Бұзушылықтар  үшін 99 кәсіпкерге ескерту жасалды. Сонымен қатар, бірқатар субъектілерге жалпы көлемі 674 мың теңгеден астам айыппұл салынған.

Тұтынушылардың құқықтарын  қорғау бойынша да  жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 237 мың теңгеден астам айыппұл өндірілді.

Сонымен қатар департаментке соңғы уақытта аквапарк пен демалыс базаларына тамақ пен сусын алып кіруге қатысты сұрақтар жиі түсуде. Заңнамаға сәйкес, кәсіпкер мұндай шектеулер туралы алдын ала хабарлауы тиіс. Егер ескерту жасалмаса, тұтынушы өзімен бірге тамақ пен сусын кіргізуге құқылы.

Мекеме  тұтынушыларға  қызметтер туралы толық әрі анық ақпарат алу,  қауіпсіздік және еркін таңдау құқығы заңмен қорғалатынын еске салады. Шағымдар  eGov порталы,  Telegram-бот немесе Департамент арқылы қабылданады.

Жетісуда онкологиялық ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 67 пайызға жетті
Медицина

Жетісуда онкологиялық ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 67 пайызға жетті

3 февраля, 2026
Автокөлік жолдарын қысқы күтіп-ұстауға биыл 554 млн теңге бөлінді
Аймақтар

Автокөлік жолдарын қысқы күтіп-ұстауға биыл 554 млн теңге бөлінді

2 февраля, 2026
Цифрлық әділет: онлайн-құқықтық көмек бұрынғыдан да қолжетімді
Құқық

Цифрлық әділет: онлайн-құқықтық көмек бұрынғыдан да қолжетімді

29 января, 2026
Әлеуметтік қолдау шаралары жаңа форматқа көшуде
Қоғам

Әлеуметтік қолдау шаралары жаңа форматқа көшуде

27 января, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу