ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Қоғам

Жетісу облысында тұрмыстық газ баллондары жарылуының 5 жағдайы тіркелді

8 декабря, 2025
Жетісу облысында тұрмыстық газ баллондары жарылуының 5 жағдайы тіркелді
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісу облысында жыл басынан бері 380 өрт оқиғасы тіркелді. Оның ішінде газ баллоны жарылған 5 жағдайда 5 адам түрлі жарақат алды. Осындай ақпаратпен Жетісу облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Еламан Манарбеков пен Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі ММ басшысының м.а Жұлдыз Имангазинова БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында бөлісті.
Осыған орай, 1-8 желтоқсан аралығында облыста тұрмыстық газ баллондарын және көліктердегі газ баллонды жабдықтарды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың алдын алуға бағытталған кең ауқымды республикалық «Газбаллон» профилактикалық акциясы өтті.
Іс-шара облыстың барлық аумағын қамтып, полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдарды тарту арқылы күшейтілген форматта іске асырылды.
Акцияның негізгі мақсаты – газ жабдығын дұрыс пайдаланбаудан туындайтын өрттердің, жарылыстардың, жану өнімдерінен уланудың және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ тұрмыстық газ баллондарын автогаз құю станцияларында заңсыз құю жағдайларын болдырмау.
Акция барысында Төтенше жағдайлар департаменті мамандары Талдықорған қаласы аумағындағы 8 паркингте түсіндіру іс-шараларын жүргізді. Үй-жай иелері мен жалға алушыларға өрт қауіпсіздігі талаптары, газ жабдықтарын қауіпсіз сақтау ерекшеліктері, эвакуация ережелері және газ иісі пайда болған кездегі іс-әрекет тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерімен бірлесіп, автокөлік тұрақтары мен облыс автожолдарында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Газ баллонды жабдықпен жабдықталған ондаған көлік құралдары тексерілді.
Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі маманының айтуынша, тұрмыстық газ баллонды қолданатын тұтынушылар — газ тұтыну жүйелерінің және газ жабдығының иелері олардың тиісті техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Екіншіден, тұрмыстық газ баллондарын пайдаланағанда сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын газ толтыру станциясының, газ толтыру пунктінің иесімен өздеріне тиесілі газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті.
Атап өтейік, Қазастан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы заңына сәйкес, қабаты екі қабаттан асатын көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын сақтауға және пайдалануға, автогаз құю станцияларында сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарға құюға, толтыруға тыйым салынады.
ТЖД тұрғындарға ескертеді: баллондарды тек мамандандырылған пункттерде ғана құю, жабдықты уақытылы техникалық қызмет көрсетуден өткізу, газ иісі шыққан жағдайда дереу вентильді жабу және мамандарды шақыру қажет. Баллондарды жерасты, цокольді қабаттарда және тұрғын бөлмелерде сақтауға қатаң тыйым салынады.

Жетісу облысында тұрмыстық газ баллондары жарылуының 5 жағдайы тіркелді
Қоғам

Жетісу облысында тұрмыстық газ баллондары жарылуының 5 жағдайы тіркелді

8 декабря, 2025
Алакөл туризмі рекорд орнатты: 1,8 миллион демалушы қабылданды
Аймақтар

«Қорғас» халықаралық хабы екі есе өсті – бюджетке 3,5 млрд теңге түсті

5 декабря, 2025
Алакөл туризмі рекорд орнатты: 1,8 миллион демалушы қабылданды
Аймақтар

Алакөл туризмі рекорд орнатты: 1,8 миллион демалушы қабылданды

5 декабря, 2025
Жетісуда тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері 37,7 пайызға артты
Құқық

Жетісуда тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері 37,7 пайызға артты

1 декабря, 2025
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу