ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Медицина

Жетісу облысында тұмау және ЖРВИ бойынша жағдай бақылауда

24 ноября, 2025
Жетісу облысында тұмау және ЖРВИ бойынша жағдай бақылауда
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісу облысында тұмау және ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда. Биылғы эпидемиологиялық маусымда Қазақстан аумағында тек маусымдық тұмау вирустары тіркеліп отыр, жаңа немесе аса қауіпті штаммдар анықталған жоқ.

Халық арасында «Гонконг тұмауы» деп аталып жүрген А типті вирусы жаңалық емес. Ол 1968 жылдан бері айналымда жүрген маусымдық штамм. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, биыл тұмаудың үш негізгі түрі жиі кездеседі: A(H1N1), A(H3N2) және В. Бұл үш компонент те қолданыстағы Гриппол+ вакцинасының құрамына енгізілген, сондықтан екпе аурудың ауыр ағымынан сенімді қорғаныс береді.

Эпидмаусым басталғалы облыста ЖРВИ-дің 45 мыңнан астам жағдайы тіркелді, оның ішінде 67%-ы 14 жасқа дейінгі балалар. Алдын алу шараларының басты бағыты – халықты вакцинациялау. Биыл тұмауға қарсы 82 000 тұрғын егілді. Вакцинация ең алдымен созылмалы аурулары бар адамдарға, жүкті әйелдерге, жиі ауыратын балаларға, медициналық қызметкерлер мен жабық мекемелердің контингентіне жүргізілді.

Тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде 29 мобильді бригада, 25 сүзгі кабинеті және 48 кеңес беру желісі жұмыс істейді. Жедел көмек көрсету үшін 69 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмылдырылған. Инфекциялық стационарларда 421 төсек дайындалған, қосымша 196 төсек резервте тұр.

Бүгінде ЖРВИ бойынша ауыр халде жатқан пациенттер жоқ. Өңірде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да қарқынды жүргізіліп келеді: тұрғындарға 15 мыңнан астам парақша таратылып, 1,5 мыңнан астам адамды қамтыған семинарлар мен кездесулер өткізілді. Медициналық ұйымдардың ресми ақпараттық ресурстарында тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу, вакцинацияның маңызы және ауру белгілері кезінде әрекет ету бойынша материалдар жүйелі жарияланып отыр.

Жалпы алғанда, Жетісу облысында тұмау және ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Алдын алу және вакцинация шаралары толық көлемде жүргізілуде.

Жетісуда онкологиялық ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 67 пайызға жетті
Медицина

Жетісуда онкологиялық ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 67 пайызға жетті

3 февраля, 2026
Автокөлік жолдарын қысқы күтіп-ұстауға биыл 554 млн теңге бөлінді
Аймақтар

Автокөлік жолдарын қысқы күтіп-ұстауға биыл 554 млн теңге бөлінді

2 февраля, 2026
Цифрлық әділет: онлайн-құқықтық көмек бұрынғыдан да қолжетімді
Құқық

Цифрлық әділет: онлайн-құқықтық көмек бұрынғыдан да қолжетімді

29 января, 2026
Әлеуметтік қолдау шаралары жаңа форматқа көшуде
Қоғам

Әлеуметтік қолдау шаралары жаңа форматқа көшуде

27 января, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу