ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Қоғам

Жетісу облысында бизнеске кедергі келтірген 4 тосқауыл жойылды

17 октября, 2025
Жетісу облысында бизнеске кедергі келтірген 4 тосқауыл жойылды
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті 2025 жылдың үшінші тоқсанындағы қызметінің қорытындысын ұсынды.
Есепті кезеңде бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілері бойынша 4 хабарлама шығарылды, оның бірі үшінші тоқсанда тіркелді. Соның ішінде Талдықорған қаласындағы Haval маркалы автокөліктердің ресми дилері «DAS AUTO» ЖШС-нің қызметіне қатысты өтініш қаралды. Тексеру нәтижесінде компанияның автокөлік иелерін тек белгілі сервистік орталықтарда қызмет алуға міндеттейтін шарты тұтынушылардың құқықтарын бұзып, нарықтағы бәсекелестікті шектейтіні анықталды. Департаменттің араласуынан кейін бұл талаптар шарттардан алынып тасталды.
Бекітілген жоспар аясында облыстың 36 квазимемлекеттік субъектісіне мониторинг жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша төрт ұйымға – «Жетісу Авиакомпаниясы» АҚ, «ЖетісуАгроСауда» ЖШС, «ЖетісуГазСервис» ШЖҚ МКК және «Талдықорғанжылусервис» КМК-ға – заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Барлық нұсқамалар толық орындалды. Жалпы жыл басынан бері 20 нұсқама шығарылған.
Жыл басынан департамент 4 жоспарлы талдау жүргізді. Қазіргі уақытта пошталық жөнелтілімдер мен күнбағыс майын көтерме сату нарықтарына қатысты зерттеулер жалғасуда. Бұған дейін сұйытылған мұнай газы нарығына жасалған жоспардан тыс талдау қорытындысы бойынша облыстық деңгейде газды бөлу тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар берілді.
Жетісу облысы бойынша кедергілер жөніндегі кеңес есепті тоқсанда 3 отырыс, жыл басынан бері барлығы 10 отырыс өткізді. Нәтижесінде 4 кедергі жойылды. Атап айтқанда, инватакси қызметтерін көрсету саласындағы бәсекелестікке кедергі келтірген заңнамалық норма алынып тасталды. Енді мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау қызметтері әлеуметтік қызметтер порталы арқылы конкурстық негізде көрсетіледі. Сондай-ақ алкоголь өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкерлерге қатысты лицензиялық төлемдердің қосарлануын болдырмау туралы ұсыныс ескеріліп, жаңа Салық кодексінің 616-бабына тиісті өзгерістер енгізілді.
Ұшінші тоқсанда департаментке 22 өтініш келіп түсіп, олардың 17-сі бойынша жауап берілді. Жалпы жыл басынан бері 51 өтініш тіркелді.

Жетісуда онкологиялық ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 67 пайызға жетті
Медицина

Жетісуда онкологиялық ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 67 пайызға жетті

3 февраля, 2026
Автокөлік жолдарын қысқы күтіп-ұстауға биыл 554 млн теңге бөлінді
Аймақтар

Автокөлік жолдарын қысқы күтіп-ұстауға биыл 554 млн теңге бөлінді

2 февраля, 2026
Цифрлық әділет: онлайн-құқықтық көмек бұрынғыдан да қолжетімді
Құқық

Цифрлық әділет: онлайн-құқықтық көмек бұрынғыдан да қолжетімді

29 января, 2026
Әлеуметтік қолдау шаралары жаңа форматқа көшуде
Қоғам

Әлеуметтік қолдау шаралары жаңа форматқа көшуде

27 января, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу