ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Құқық

Жетісу облысында 13 миллиард теңгеден астам заңбұзушылық анықталды

13 августа, 2025
Жетісу облысында 13 миллиард теңгеден астам заңбұзушылық анықталды
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісу облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жыл басынан бері атқарылған жұмыстар нәтижесінде мемлекеттік қаржының жұмсалуына қатысты маңызды қорытындыларын жариялады.
Алты айда барлығы 49 аудиттік іс-шара өткізілген. Оның ішінде 8-і — жоспарлы, ал басым бөлігі, яғни 41-і — жоспардан тыс тексерулер. Бұл тексерулер көбінесе мемлекеттік органдардың тапсырмалары, азаматтар мен ұйымдардың шағымдары, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесінің деректері негізінде жүргізілген.
Аудит нәтижесінде жалпы сомасы 13,1 миллиард теңгеге бұзушылықтар анықталды. Оның 3 миллиардтан астамы — қаржылық, ал 9,6 миллиарды — рәсімдік сипаттағы кемшіліктер. Жарты жылдың ішінде бюджетке 2,7 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылды. Қалған соманы өндіру бағытында жұмыс жалғасуда.
Департамент анықталған заңбұзушылықтарды жою үшін 48 нұсқама берді, олардың басым бөлігі орындалған. Сонымен қатар, 40 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылып, 240 әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 23,9 миллион теңге болып, оның 98 пайызы өндірілді.
Камералдық бақылау шеңберінде жалпы құны 451 миллиард теңгеден асатын 9 751 лот тексеріліп, бұзушылықтар бойынша 1 018 хабарлама жолданды. Онлайн-бюджет мониторингі де тиімділігін көрсетті — 48 ұйым бойынша тәуекелді төлемдерге қатысты 918 хабарлама дайындалып, заңсыз төлемдердің бір бөлігі бюджетке қайтарылды.
Департамент Жоғары аудиторлық палата және Ревизиялық комиссиямен бірлесіп, мемлекеттік қаражаттың ашық әрі тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету бағытында бақылауды күшейтіп отыр.
2025 жылдың соңына дейін басты мақсат — аудит сапасын арттыру, қаржылық бұзушылықтарды толық өтеу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және азаматтардың өтініштерін сапалы әрі уақытында қарау.

Жетісуда кене маусымы басталды: 13 адам медициналық көмекке жүгінді
Денсаулық

Жетісуда кене маусымы басталды: 13 адам медициналық көмекке жүгінді

1 апреля, 2026
Минус тарифтер мен плюс қайтарымдар: Жетісуда өтемдік тарифтер арқылы тұтынушыларға 8,2 млн теңге қайтарылды
Жаңалықтар

Минус тарифтер мен плюс қайтарымдар: Жетісуда өтемдік тарифтер арқылы тұтынушыларға 8,2 млн теңге қайтарылды

1 апреля, 2026
Аграриям Жетісу предоставляются льготные кредиты
Экономика

Аграриям Жетісу предоставляются льготные кредиты

1 апреля, 2026
Жетісу диқандарына жеңілдікпен несие берілуде
Аймақтар

Жетісу диқандарына жеңілдікпен несие берілуде

1 апреля, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу