ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Құқық

Жетісу облысында 11 ауыл ішімдіктен түбегейлі бас тартты

4 сентября, 2025
Жетісу облысында 11 ауыл ішімдіктен түбегейлі бас тартты
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісу облысында биылғы 8 ай ішінде мас күйінде жасалған 167 қылмыс тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 дерекке көп. Қылмыстардың көбеюі заңнамадағы өзгерістермен байланысты: 2024 жылғы 16 маусымнан бастап Әкімшілік кодекстің кейбір баптарының орнына Қылмыстық кодекстің 108-1 және 109-1 баптары енгізілген.
Маскүнемдікпен күрес бағытында бірқатар профилактикалық шаралар жүргізілуде. Атап айтқанда, «маскүнем» санатында есепте тұрған азаматтар тұрақты түрде тексеріліп, сот органдары арқылы алкогольдік және психотроптық заттарды қолдануға тыйым салу жөнінде 255 ерекше талап белгіленді. Облыста маскүнемдікпен күрес бағытында профилактикалық шаралар қолға алынған. Жыл басынан бері 155 адамға «алкоголизм» диагнозы қойылып, 47 азамат мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілді. Алкоголь өнімдерін заңсыз сатқаны үшін 61 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Бұдан бөлек, тұрақты рейдтік шаралар барысында 5 притон анықталды.
Қылмыстардың алдын алу мақсатында медициналық айықтырғыштар да тиімділігін көрсетуде. 2024 жылдың шілде айында Алакөл және Панфилов аудандарында 15 орындық айықтырғыштар ашылды. Нәтижесінде, Талдықорған қаласында мас күйінде жасалған қылмыс 16,3%-ға, Алакөл ауданында 35,7%-ға төмендеді. Осыған байланысты, Кербұлақ, Сарқан және Қаратал аудандарында қосымша медициналық айықтырғыштар ашу мәселесі көтерілді.
Айта кету керек, Жетісу облысында 11 ауыл ішімдіктен түбегейлі бас тартқан. Мәселен Алакөл ауданы Жыланды ауылында соңғы 10 жыл көлемінде алкоголь өнімдері мүлде сатылмайды. Панфилов ауданының Қоңырөлең және Керімағаш ауылдары да бірнеше жыл бұрын осындай шешім қабылдаған. Сондай-ақ, Сарқан ауданындағы Абай және Көктерек ауылдары, Көксу ауданындағы Жарлыөзек ауылы және тағы басқа елді мекендер ішімдіктен бас тартып, ауылдағы қылмыс деңгейін айтарлықтай төмендеткен.
Жаңа бастамалар да жалғасуда. Биыл маусым айында Көксу ауданындағы Жаңа Қазақстан, сондай-ақ, Қаратал ауданының Көкпекті және Қаращенгел ауылдары алкогольден біржола бас тартқан елді мекендер қатарына қосылды. Бұл ауылдарда соңғы жылдары мас күйінде жасалған қылмыстар тіркелмеген.
Жетісу облысының тәжірибесі көрсеткендей, алкоголь өнімдерінен бас тарту қылмыс деңгейін азайтып қана қоймай, қоғамдағы тыныштық пен тәртіпті сақтауға елеулі үлес қосуда.

Жетісуда кене маусымы басталды: 13 адам медициналық көмекке жүгінді
Денсаулық

Жетісуда кене маусымы басталды: 13 адам медициналық көмекке жүгінді

1 апреля, 2026
Минус тарифтер мен плюс қайтарымдар: Жетісуда өтемдік тарифтер арқылы тұтынушыларға 8,2 млн теңге қайтарылды
Жаңалықтар

Минус тарифтер мен плюс қайтарымдар: Жетісуда өтемдік тарифтер арқылы тұтынушыларға 8,2 млн теңге қайтарылды

1 апреля, 2026
Аграриям Жетісу предоставляются льготные кредиты
Экономика

Аграриям Жетісу предоставляются льготные кредиты

1 апреля, 2026
Жетісу диқандарына жеңілдікпен несие берілуде
Аймақтар

Жетісу диқандарына жеңілдікпен несие берілуде

1 апреля, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу