ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Қоғам

Жетісу облысы алдағы жылыту маусымына дайындықты бастады

19 августа, 2025
Жетісу облысы алдағы жылыту маусымына дайындықты бастады
Share on FacebookShare on Twitter

Өңірде тұрғын үй секторындағы өрттердің үлесі жоғары. Өткен жылыту кезеңінде олардың саны 36%-ға өсті. Атап айтсақ, 187 жағдай тіркеліп, 14 адам қаза тапты. Өрттердің негізгі себептері – ескі пештер мен электр желілерін дұрыс пайдаланбау.

Қауіпсіздікті күшейту мақсатында 15 тамыздан 1 қазанға дейін «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өткізіліп жатыр. Әлеуметтік әлсіз  отбасылардың үйлерінде түтін мен газ датчиктері орнатылып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Өткен маусымда мұндай датчиктер 936 отбасыға қойылған, биыл да бұл жұмыс жалғасады.

Жылыту маусымына дайындық үшін бюджеттен 14,8 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 6,6 млрд теңге жылу нысандарын жөндеуге, 8,2 млрд теңге отын алуға бағытталды. Қазіргі уақытта жылу және электр инфрақұрылымының дайындығы 84%-ға жетті.

Талдықорғандағы негізгі жылу көзі – «Басқуат» қазандығының тозу деңгейі 85%. Оны жаңғыртып, газға көшіру жобасы әзірленіп жатыр. Қосымша қазандықтар мен газтурбиналық станцияның құрылысы жүріп, бұл нысанға түсетін жүктемені азайту жоспарлануда. Ал Текелі қаласында ЖЭО-ны кеңейту басталды.

Аймақтағы халықтың көмірге қажеттілігі – 397 мың тонна. Бүгінгі күні 52 мың тонна сатылып, қоймаларда 24 мың тонна бар. Орташа баға 20-31 мың теңге аралығында. Әкімдіктер тұрғындарды көмірді алдын ала сатып алуға шақырады.

Төтенше жағдайлар қызметі жылыту маусымы басталғанға дейін пештерді жөндеп, мұржаларды тазалап, ескі сымдарды ауыстыру қажеттігін еске салады.

 

Жетісуда кене маусымы басталды: 13 адам медициналық көмекке жүгінді
Денсаулық

Жетісуда кене маусымы басталды: 13 адам медициналық көмекке жүгінді

1 апреля, 2026
Минус тарифтер мен плюс қайтарымдар: Жетісуда өтемдік тарифтер арқылы тұтынушыларға 8,2 млн теңге қайтарылды
Жаңалықтар

Минус тарифтер мен плюс қайтарымдар: Жетісуда өтемдік тарифтер арқылы тұтынушыларға 8,2 млн теңге қайтарылды

1 апреля, 2026
Аграриям Жетісу предоставляются льготные кредиты
Экономика

Аграриям Жетісу предоставляются льготные кредиты

1 апреля, 2026
Жетісу диқандарына жеңілдікпен несие берілуде
Аймақтар

Жетісу диқандарына жеңілдікпен несие берілуде

1 апреля, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу