«Еремеев» шаруа қожалығының ұжымы референдум күні бір кісідей сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасап, дауыс берді. Шаруа қожалығының қызметкерлері ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық белсенділік танытты.
Олар референдумға қатысуды азаматтық борыш деп санайды. Бірліктерін көрсетіп, ұйымшылдықпен келіп дауыс беру – олардың елдің дамуына деген жауапкершілігін айқын көрсетеді.
«Еремеев» шаруа қожалығы ұжымының бұл әрекеті қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымның үлгісі болып табылады. Мұндай бастамалар елдегі тұрақтылықты нығайтып, бірлік пен ынтымақты арттыра түседі.




