ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Аймақтар

Триллиондық серпін: Кербұлақ ауданында ірі инвестжобалар жолға қойылды

20 ноября, 2025
Триллиондық серпін: Кербұлақ ауданында ірі инвестжобалар жолға қойылды
Share on FacebookShare on Twitter

Кербұлақ ауданы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін таныстырды. Аудан әкімі міндетін атқарушы Жанат Жүнісбековтің айтуынша, биылғы он ай өңірдің барлық саласында тұрақты өсіммен және ауқымды жобалардың басталуымен ерекшеленіп отыр.
Өнеркәсіп саласы аудан экономикасының негізгі қозғаушы күші болып қала берді. Жалпы өндіріс көлемі 39,7 млрд теңгеге жетсе, оның басым бөлігін «Alacem» цемент зауыты қамтамасыз етіп отыр. Қиыршық тас пен бетон өндіретін кәсіпорындардың да жұмысы жанданып, өндіріс құрылымы айтарлықтай кеңейді.
Шағын және орта бизнес өкілдері белсенді жұмыс істеп, 3 700-ден астам кәсіпкерлік субъектісі 5 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. «Бастау Бизнес» жобасы арқылы 85 азамат кәсіпкерлікке оқытылып, мемлекеттік қолдау көрсетілген.
Инвестиция тарту – аудан дамуының негізгі векторы. 10 айда экономикаға 35,3 млрд теңге инвестиция тартылды. Алдағы жылдары жүзеге асатын 1,4 трлн теңгенің тоғыз ірі жобасы жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, Кербұлақты өңірлік өндіріс орталықтарының біріне айналдыруға мүмкіндік береді. Олардың ішінде мыс өндіру комбинаты, LNG зауыты, гидроэлектр станциялары, күн электр станциясы және бірнеше өнеркәсіптік нысан бар.
Ауыл шаруашылығы саласы да биыл тұрақты өсім көрсетті. 113,8 мың гектар алқаптан жиналған өнім толық қамбаға құйылып, жалпы өнім көлемі 54,6 млрд теңгеге жетті. Мал шаруашылығында да оң динамика байқалады. Суару жүйелерін жаңғырту жобасы іске қосылып, 2028 жылға дейін 7 мың гектар жаңа суармалы жер айналымға енгізіледі.
Құрылыс саласында да қарқынбар. Сарыөзек ауылында үш бірдей 60 пәтерлі тұрғын үй бой көтеріп жатыр. Әлеуметтік әлсіз топтарға арналған 188 үй салынуда, жыл соңына дейін 368 отбасы қоныстой тойлайды деп күтілуде.
Жол және инфрақұрылым бағытында да маңызды жобалар атқарылуда. «Сарыөзек-Көктал» күре жолы жаңартылып, елді мекендерде 12 шақырым жол жөндеуден өтті. Газдандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде: биыл 17 ауыл табиғи газға қосылса, тағы 8 ауылда құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.
Әлеуметтік салада айтарлықтай нәтижелер бар. 2 460 адам жұмысқа орналасып, жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға дейін төмендеді.
Білім беру нысандарында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Көксай ауылындағы 60 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталу алдында. Оқушыларды тасымалдау мәселесін шешу үшін бірнеше ауылға жаңа автобустар берілді.
Денсаулық сақтау саласында да оң өзгерістер бар. Жедел жәрдем қызметі жаңартылып, медициналық пункттердің материалдық базасы күшейтілді. Биылдың өзінде 7 дәрігер мен 14 орта буын маман жұмысқа қабылданды. Телемедицина мүмкіндігі кеңейіп, шалғай ауылдардағы тұрғындар үшін сапалы медициналық кеңес қолжетімді бола түсті.
Мәдениет және спорт бағытында ауылдық мәдениет үйлері жөнделіп, кітапхана қорлары жаңартылуда. Бірнеше ауылда жаңа спорт алаңдары пайдалануға берілді. Қоғамдық қауіпсіздік саласында профилактикалық жұмыстар күшейтіліп, аудан бойынша қылмыс деңгейі төмендеген.
Жалпы алғанда, он айлық қорытынды Кербұлақ ауданының тұрақты дамып келе жатқанын, инфрақұрылым, экономика, әлеуметтік сала бағыттарында ауқымды жұмыстар атқарылғанын көрсетеді. Аудан алдағы кезеңде де жаңа жобаларды іске асырып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға басымдық бермек.

Алакөл туризмі рекорд орнатты: 1,8 миллион демалушы қабылданды
Аймақтар

«Қорғас» халықаралық хабы екі есе өсті – бюджетке 3,5 млрд теңге түсті

5 декабря, 2025
Алакөл туризмі рекорд орнатты: 1,8 миллион демалушы қабылданды
Аймақтар

Алакөл туризмі рекорд орнатты: 1,8 миллион демалушы қабылданды

5 декабря, 2025
Жетісуда тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері 37,7 пайызға артты
Құқық

Жетісуда тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері 37,7 пайызға артты

1 декабря, 2025
Жетісу облысында шетелдік келушілер саны 43%-ға өсті
Құқық

Жетісу облысында шетелдік келушілер саны 43%-ға өсті

26 ноября, 2025
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу