ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Саясат

Панфилов ауданында логистика саласының қызметкерлері референдумға белсенді қатысуда

15 марта, 2026
Панфилов ауданында логистика саласының қызметкерлері референдумға белсенді қатысуда
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін таңнан бастап еліміздің түкпір-түкпірінде қазақстандықтар мемлекет болашағына қатысты маңызды шешім қабылдау үшін дауыс беруге келіп жатыр, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Панфилов ауданындағы №273 дауыс беру учаскесінде де тұрғындардың қарасы көп. Мұнда логистика саласының қызметкерлері ұжым болып келіп, өз таңдауларын жасауда.

Жылына 20 мың жүк автокөлігіне тиеу жұмыстарын жүргізетін «Евротранзит» компаниясының 139 қызметкері «Атазаңымыз – біздің болашағымыз» деген ұранмен бір кісідей дауыс берді.

Ал Орта Азиядағы ең ірі құрғақ порттардың бірі саналатын «Khorgos Gateway» ЖШС Қытайдан Қазақстанға, Еуропалық Одақ елдеріне, Орталық Азияға, Парсы шығанағы мен Каспий аймағына жөнелтілетін жүктерді өңдеу, сақтау және қайта тиеу қызметін атқарады. Кәсіпорында 400-ден астам маман жұмыс істейді. Олар да референдум аясында дауыс беруге келіп, кезекте тұр.

– Бізде қызметкерлер ауысым бойынша жұмыс істейді. Бір ауысымда шамамен 50 қызметкер болады. Сол үшін арнайы кесте жасап, әр қызметкердің дауыс беруіне мүмкіндік жасадық. Бұл – тарихи күн. Осындай маңызды шараға қатысу біз үшін үлкен құрмет, – деді компания басшысы Ибрагим Манабаев.

Сондай-ақ көлік-логистика саласында 25 жылдан астам уақыт қызмет көрсетіп келе жатқан «Кедентранссервис» компаниясының ұжымы да саяси науқаннан шет қалмады. Компаниядағы 430-дан астам дауыс беру құқығына ие азамат қауырт жұмысқа қарамастан өз таңдауларын жасап жатыр.

Жылына 3,5 миллион тоннаға дейін жүк өңдейтін логистикалық компания қызметкерлері ел ертеңі үшін дауыс беру әр азаматтың борышы екенін атап өтті.

Жетісуда кене маусымы басталды: 13 адам медициналық көмекке жүгінді
Денсаулық

Жетісуда кене маусымы басталды: 13 адам медициналық көмекке жүгінді

1 апреля, 2026
Минус тарифтер мен плюс қайтарымдар: Жетісуда өтемдік тарифтер арқылы тұтынушыларға 8,2 млн теңге қайтарылды
Жаңалықтар

Минус тарифтер мен плюс қайтарымдар: Жетісуда өтемдік тарифтер арқылы тұтынушыларға 8,2 млн теңге қайтарылды

1 апреля, 2026
Аграриям Жетісу предоставляются льготные кредиты
Экономика

Аграриям Жетісу предоставляются льготные кредиты

1 апреля, 2026
Жетісу диқандарына жеңілдікпен несие берілуде
Аймақтар

Жетісу диқандарына жеңілдікпен несие берілуде

1 апреля, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу