ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар

Мансап орталығы 1500-ден астам адамды жұмыспен қамтуға көмектесті

2 октября, 2025
Мансап орталығы 1500-ден астам адамды жұмыспен қамтуға көмектесті
Share on FacebookShare on Twitter

2025 жылы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қолдау жөніндегі мемлекеттік жобаларды іске асыру аясында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жылдық жоспар 80 адамды құраса, бүгінгі күнге дейін 71 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. «Жастар практикасы» шеңберінде 342 жас маманды бағыттау жоспарланып, жыл басынан бері 279 түлек жұмысқа орналасты. «Қоғамдық жұмыстар» жобасы аясында жылдық жоспар 890 адамды құрағанымен, іс жүзінде түрлі ұйымдарға 1176 адам жолданып, жоспар артығымен орындалды. «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасы бойынша жоспарланған 59 адамның орнына 63 азамат жұмыспен қамтылды. «Ұрпақтар келісімі» жобасы шеңберіндегі 4 адамға арналған жоспар толықтай іске асырылды.
Әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтарды жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған квота бойынша 2025 жылға жоспарланған 48 адамның барлығы жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бір жұмыс орнын құру жоспарланса, іс жүзінде екі жұмыс орны ашылды. Пробация есебінде тұрғандар үшін 30 адамға белгіленген квота шеңберінде 29 азамат еңбекке тартылды.
Қысқа мерзімді кәсіби оқыту бойынша 2025 жылы 240 адамды қамту көзделген, қазіргі таңда 118 адам оқу курстарынан өтуде. Сондай-ақ 400 АЕК мөлшеріндегі қайтарымсыз гранттарды беру жұмысы жалғасуда.
2025 жылдың басынан бастап әр тоқсанда шамамен 1600 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдіруде. Бүгінгі күні АӘК 1039 отбасыға, соның ішінде 5062 азаматқа тағайындалып, жалпы 467,3 миллион теңге төленді. Бұдан бөлек, бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға қосымша төлем ретінде 1672 балаға 58,4 миллион теңге бөлінді.

Жетісуда онкологиялық ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 67 пайызға жетті
Медицина

Жетісуда онкологиялық ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 67 пайызға жетті

3 февраля, 2026
Автокөлік жолдарын қысқы күтіп-ұстауға биыл 554 млн теңге бөлінді
Аймақтар

Автокөлік жолдарын қысқы күтіп-ұстауға биыл 554 млн теңге бөлінді

2 февраля, 2026
Цифрлық әділет: онлайн-құқықтық көмек бұрынғыдан да қолжетімді
Құқық

Цифрлық әділет: онлайн-құқықтық көмек бұрынғыдан да қолжетімді

29 января, 2026
Әлеуметтік қолдау шаралары жаңа форматқа көшуде
Қоғам

Әлеуметтік қолдау шаралары жаңа форматқа көшуде

27 января, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу