ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Қоғам

Кәсіпкерлер назарына: тілдік нормалардың сақталуына бақылау күшейтілді

5 августа, 2025
Кәсіпкерлер назарына: тілдік нормалардың сақталуына бақылау күшейтілді
Share on FacebookShare on Twitter

Көрнекі ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру мақсатында бизнес өкілдерінің көрнекі ақпараттарына, оның ішінде жарнама, хабарландыру, ас мәзірі, баға көрсеткіштеріне мониторинг жүргізіліп, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңның талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізілмек. Бұл туралы Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен баспасөз мәслихатында Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Ермек Ақшабаев мәлімдеді. Бүгінде Талдықорған қаласында 220 кәсіпорынға тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 113 заңбұзушылық анықталды. Мұнда бірқатар жарнамалық мәтіндерде қате жазылған көрнекі ақпарат немесе мемлекеттік тілге аударылмаған сөздер кездескен. Анықталған кемшіліктер бойынша мамандар тарапынан кәсіпкерлерге ескерту жасалып, заң нормалары түсіндірілді. Алдағы уақытта мұндай тексерістер жалғасын таппақ. Оған Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасымен бірге халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігі де атсалысатын болады. Қазіргі уақытта бизнес өкілдері мен қарапайым халыққа ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде. Көрнекi ақпараттардың дұрыс еместігін немесе қате жазылғанын байқаған кез-келген азамат «E-otinish» сервисі арқылы өтініш немесе шағым бере алады. Бүгінде деректемелер көрнекі ақпараттардың заңдылығы мен сауаттылығын қадағалау мақсатында Талдықорған қаласындағы жарнама агенттіктерімен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалуда. Сондай-ақ, оны түсіндіру мақсатында жадынамалар жасалып, БАҚ құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы жарияланады. Бұл атқарылатын жұмыстар деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін орфография нормаларына сәйкес жазу талабы қазақ тіліндегі мәтіндердің сапалы жазылуына, орфографиялық қателерге жол бермеуге бағытталған.

Жетісуда кене маусымы басталды: 13 адам медициналық көмекке жүгінді
Денсаулық

Жетісуда кене маусымы басталды: 13 адам медициналық көмекке жүгінді

1 апреля, 2026
Минус тарифтер мен плюс қайтарымдар: Жетісуда өтемдік тарифтер арқылы тұтынушыларға 8,2 млн теңге қайтарылды
Жаңалықтар

Минус тарифтер мен плюс қайтарымдар: Жетісуда өтемдік тарифтер арқылы тұтынушыларға 8,2 млн теңге қайтарылды

1 апреля, 2026
Аграриям Жетісу предоставляются льготные кредиты
Экономика

Аграриям Жетісу предоставляются льготные кредиты

1 апреля, 2026
Жетісу диқандарына жеңілдікпен несие берілуде
Аймақтар

Жетісу диқандарына жеңілдікпен несие берілуде

1 апреля, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу