ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Қоғам

Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік шаралар өтеді

30 сентября, 2025
Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік шаралар өтеді
Share on FacebookShare on Twitter

Халықаралық қарттар күні әлемде жыл сайын 1 қазанда атап өтіледі. Бұл мереке – елдің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан ардақты қарияларға алғыс білдірудің айқын көрінісі. Биыл Талдықорғанда 1 қазаннан 1 қарашаға дейін егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қолдау айлығы ұйымдастырылады.

Қаламызда бүгінде 28 600-ден астам қарт тұрады. Олардың ішінде ғасыр жасаған 5 қария мен 542 тыл еңбеккері бар. Айлық аясында аға буынға құрмет көрсетуге бағытталған ауқымды шаралар жоспарланған. ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің үйлеріне бару, 100 жастан асқан қарияларға арнайы құрмет көрсету, сондай-ақ әлеуметтік сала қызметкерлерінің күніне орай ардагерлерді марапаттау ұйымдастырылады.

Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» қайырымдылық акциясы аясында «Достық» мейрамханасы мен «Тино пицца» кафесінде мерекелік дастархан жайылып, ардагерлерге құрмет көрсетіледі. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы спорттық жарыстар, турнирлер мен спартакиадалар ұйымдастырып, қарттарды дене шынықтыруға тартылады. Сондай-ақ егде жастағы азаматтарға компьютерлік және цифрлық сауаттылық бойынша сабақтар өткізіліп, смартфон қолдану, онлайн қызметтерді пайдалану дағдылары үйретілмек.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тегін заңгерлік кеңес берілсе, қалалық емханада профилактикалық медициналық тексерулер жүргізіледі. Оқушылар мен студенттер де айлыққа белсенді атсалысып, жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмек көрсету мақсатында волонтерлік қайырымдылық акцияларына қатысады.

Мәдени шаралар қатарында І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Қарттардың да өнерге бар таласы» атты әншілер байқауы, сондай-ақ Дәнеш Рақышев атындағы филармонияда «Қарттарым – асыл қазынам» атты салтанатты кеш өтеді. Мұнда ардагерлердің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп, түрлі концерттер мен конкурстар ұйымдастырылады.

Жетісуда кене маусымы басталды: 13 адам медициналық көмекке жүгінді
Денсаулық

Жетісуда кене маусымы басталды: 13 адам медициналық көмекке жүгінді

1 апреля, 2026
Минус тарифтер мен плюс қайтарымдар: Жетісуда өтемдік тарифтер арқылы тұтынушыларға 8,2 млн теңге қайтарылды
Жаңалықтар

Минус тарифтер мен плюс қайтарымдар: Жетісуда өтемдік тарифтер арқылы тұтынушыларға 8,2 млн теңге қайтарылды

1 апреля, 2026
Аграриям Жетісу предоставляются льготные кредиты
Экономика

Аграриям Жетісу предоставляются льготные кредиты

1 апреля, 2026
Жетісу диқандарына жеңілдікпен несие берілуде
Аймақтар

Жетісу диқандарына жеңілдікпен несие берілуде

1 апреля, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу