ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Білім

Ғани Бейсембаев мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар туралы айтты

12 августа, 2025
Ғани Бейсембаев мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар туралы айтты
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Оқу-ағарту министрі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы мемлекеттік шаралардың іске асырылуы туралы баяндады – деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2024 жылдан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіліп келеді. Бұл  механизм қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттырады, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру саласында ашықтықты қамтамасыз етеді. Бүгінде жоба еліміздің 20 қаласында және 7 ауданында жүзеге асырылуда.

«Пилоттық жобаны іске асыру кезінде балабақшалардағы кезектілік  93 мың орынға қысқарды. Нәтижесінде 7,7 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді. Бұл тәжірибені қыркүйек айынан бастап  жылдың соңына дейін барлық балабақшаларға кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр», – деді Ғани Бейсембаев.

Жаңа оқу жылынан бастап балалардың мемлекеттік тілді ерте меңгеруіне бағытталған «Тілге бойлау» және бұған дейін еліміздің 5 өңірінде сынақтан өткен «Беске дейін үлгер» бағдарламаларының ауқымын кеңейту басталады. Осы уақыт аралығында 135 балабақшада 7 мыңнан астам бала мемлекеттік тілді меңгерді.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие жұмыстарының басым бағыттарының бірі – балаларды ерте жастан еңбекке баулу. Осы мақсатта қыркүйектен бастап 100 балабақшада 12 мың баланы қамтитын жаңа жоба пилоттық режимде іске қосылады.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 1 млн-нан астам бала тәрбиеленетін 11,8 мың балабақша жұмыс істейді.

Алакөл туризмі рекорд орнатты: 1,8 миллион демалушы қабылданды
Аймақтар

«Қорғас» халықаралық хабы екі есе өсті – бюджетке 3,5 млрд теңге түсті

5 декабря, 2025
Алакөл туризмі рекорд орнатты: 1,8 миллион демалушы қабылданды
Аймақтар

Алакөл туризмі рекорд орнатты: 1,8 миллион демалушы қабылданды

5 декабря, 2025
Жетісуда тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері 37,7 пайызға артты
Құқық

Жетісуда тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері 37,7 пайызға артты

1 декабря, 2025
Жетісу облысында шетелдік келушілер саны 43%-ға өсті
Құқық

Жетісу облысында шетелдік келушілер саны 43%-ға өсті

26 ноября, 2025
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу