ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Спорт

Басымдық нәтижеге беріледі: Елімізде жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізімі бекітілді

10 октября, 2025
Басымдық нәтижеге беріледі: Елімізде жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізімі бекітілді
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізімін бекітті. Оған Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Азия пара ойындарының бағдарламасына енген 65 спорт түрі, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері енгізілді.

Аталған спорт түрлерін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет есебінен басым тәртіппен жүргізіледі. Қаражат спорт резервін даярлауға, спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысуына, оқу-жаттығу жиындары мен спорттық іс-шаралар өткізуге, спорт инфрақұрылымын күтіп-ұстауға және дамытуға бағытталады.

65 жоғары жетістіктер спорты түрінің ішінен 46-сы басымдыққа ие деп белгіленді. Олардың қатарында 11 ұлттық спорт түрі бар. Іріктеу жұмыстары Қазақстан ұлттық құрамаларының Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Азия пара ойындарында көрсеткен нәтижелеріне қарап жасалды.

Жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізіміне енбеген спорт түрлері бұқаралық спорт қағидаты бойынша дамытылады. Жергілікті атқарушы органдар спортшылардың ел чемпионаттары мен кешенді жарыстарға қатысуын қаржыландырады. Ал халықаралық жарыстарға бюджет есебінен қатыса алмайды. Тек демеушілердің немесе өзге де қаражат есебінен қатысуына болады.

Тізім жыл сайын жаңартылып отырады. Бұл Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Азия пара ойындарында жоғары нәтиже көрсеткен спорт түрлерін қосуға мүмкіндік береді.

Заң жобасына енгізілген түзетулер қоғам өкілдері, депутаттар, спорт саласының мамандары, федерациялар, бапкерлер, сарапшылар қауымдастығы мен үкіметтік емес ұйымдардың пікірін ескере отырып дайындалғанын ерекше атап өткен жөн.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елде спорт саласына кешенді реформа жүргізілуде. Министрлік дене шынықтыру және спорт саласын жүйелі реформалауға бағытталған «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң жобасын әзірледі.

Заң жобасындағы бірқатар маңызды өзгерістер:

— спорттың ойын түрлері бойынша кәсіби клубтарды күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатына лимит енгізу;

— Қазақстан Республикасының азаматы емес спортшыларды бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салу;

— «басым спорт түрлері» ұғымын нақтылау және олардың өңірлік тізімін бекіту;

— аккредиттелген спорт федерацияларына діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын қабылдау міндетін жүктеу;

— спорт федерацияларын аккредиттеу талаптарын күшейту;

— «мүгедектігі бар спортшыны сүйемелдеуші» ұғымын енгізу;

— дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік ұйымдар басшыларын ротациялау тетігін енгізу;

— «спорттық дайындықтың ұлттық стандарттары» ұғымын бекіту.

Министрлік елімізде спорттың тұрақты дамуына жағдай жасап келеді. Ұлттық спорт түрлеріне олимпиадалық спорт түрлерімен тең мәртебе беріліп, вертикалды басқару жүйесі қалыптастырылады. Сондай-ақ бюджет қаражаты әлдеқайда тиімді жұмсалмақ.

Алакөл туризмі рекорд орнатты: 1,8 миллион демалушы қабылданды
Аймақтар

«Қорғас» халықаралық хабы екі есе өсті – бюджетке 3,5 млрд теңге түсті

5 декабря, 2025
Алакөл туризмі рекорд орнатты: 1,8 миллион демалушы қабылданды
Аймақтар

Алакөл туризмі рекорд орнатты: 1,8 миллион демалушы қабылданды

5 декабря, 2025
Жетісуда тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері 37,7 пайызға артты
Құқық

Жетісуда тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері 37,7 пайызға артты

1 декабря, 2025
Жетісу облысында шетелдік келушілер саны 43%-ға өсті
Құқық

Жетісу облысында шетелдік келушілер саны 43%-ға өсті

26 ноября, 2025
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу