ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Аймақтар

Ақсу ауданында 2026 жылға «Арасан ГЭС» салу жоспарда

9 декабря, 2025
Ақсу ауданында 2026 жылға «Арасан ГЭС» салу жоспарда
Share on FacebookShare on Twitter

Өнеркәсіп саласы тұрақты дамуда, 10 айда өндіріс көлемі 9,4 млрд теңгеге жетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 32,1 млрд теңгені құрап, жыл соңына дейін 42,2 млрд теңгеге жеткізу жоспарланған. Энергетикалық қауіпсіздікті арттыру мақсатында Бүйен өзеніне құны 2,5 млрд теңге болатын «Арасан ГЭС» салу жобасы қарастырылуда.

Тұрғын үй құрылысында 10 ай ішінде 12,2 мың шаршы метр мәйтін пайдалануға берілді. Салынған 140 тұрғын үйдің 24-і пайдалануға беріліп, қалған 116-сы «Отбасы банк» арқылы берілетін болады. «Ауыл – Ел бесігі» аясында Матай және Есеболатов ауылдарындағы мәдениет үйлерінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады.
Жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 665 млн теңгеге 7 елді мекендегі 12,2 шақырым жол орташа жөндеуден өтті. Аудандағы 43 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. «Талдықорған – Үшарал» газ құбырының құрылысы аяқталды, 31 елді мекен мен 65 әлеуметтік нысанды газдандыру жоспарлануда.

Ақсу ауданы экономикасының негізгі қозғаушы күші ауыл шаруашылығы. 2025 жылдың 10 айында 48,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді, оның ішінде өсімдік шаруашылығының үлесі — 28,5 млрд теңге. Астық жинау жұмыстары толық аяқталып, 67,9 мың тонна астық бастырылды. 2,4 мың гектардан 70 мың тонна қант қызылшасы жиналды. Қайта өңдеу саласында күрделі жөндеуден өткен қант зауыты толық қуатына шықты, инвестор зауытты дамытуға 25 млрд теңгеге дейін қосымша инвестиция салуды жоспарлап отыр.
Мал шаруашылығында мал басы 5,4%-ға өсті. «Nat AGRO» ЖШС-гі 2200 басқа арналған бордақылау алаңын салуда. Суармалы жерлерді дамытуға ерекше назар аударылып, республикалық бюджеттен бөлінген 7 млрд теңге есебінен Қызылағаш суару массивіндегі жаңа желілердің 82%-ы салынды. Су тапшылығын шешу үшін Бүйен өзеніне су қоймасын салуға ТЭН әзірленуде.
2025 жылы 3,5 мың гектар аумақта жаңбырлатып және тамшылатып суару әдістері қолданылады. Соңғы үш жылда 142 мың гектар жер мемлекетке қайтарылып, оның 73,3 мың гектары айналымға тартылды.

Ақсу ауданынданының есепті кезеңінде 1919 жаңа жұмыс орны құрылды. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 18 азаматқа жалпы сомасы 28 млн 310 мың теңге көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді.
Білім саласында Көлтабан ауылында 120 орындық мектеп және 25 орындық шағын орталық жыл соңына дейін пайдалануға беріледі, Жансүгіров ауылындағы мектеп-гимназияға күрделі жөндеу жүргізілді.
Денсаулық сақтау саласында 8 дәрігерге 10 млн теңгеден көтерме жәрдемақы төленді. Ұлттық жоба аясында Көкжайдақ, Қаракөз және Жаңалық ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункттер салынды. Алайда аудандық ауруханада жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының баяулығына байланысты мердігерге қатысты шаралар қабылданып жатыр.

 

Қала әкімі Ернат Бәзіл Талдықорған қаласының дамуын айқындаған негізгі бағыттарына тоқталды
Экономика

Қала әкімі Ернат Бәзіл Талдықорған қаласының дамуын айқындаған негізгі бағыттарына тоқталды

10 декабря, 2025
Ақсу ауданында 2026 жылға «Арасан ГЭС» салу жоспарда
Аймақтар

Ақсу ауданында 2026 жылға «Арасан ГЭС» салу жоспарда

9 декабря, 2025
Жетісу облысында тұрмыстық газ баллондары жарылуының 5 жағдайы тіркелді
Қоғам

Жетісу облысында тұрмыстық газ баллондары жарылуының 5 жағдайы тіркелді

8 декабря, 2025
Алакөл туризмі рекорд орнатты: 1,8 миллион демалушы қабылданды
Аймақтар

«Қорғас» халықаралық хабы екі есе өсті – бюджетке 3,5 млрд теңге түсті

5 декабря, 2025
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу