ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Құқық

Алаяқтар жаңа тәсілге көшті: Жасанды дауыс пен deepfake-тен сақ болыңыз

27 августа, 2025
Алаяқтар жаңа тәсілге көшті: Жасанды дауыс пен deepfake-тен сақ болыңыз
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда интернет-алаяқтықтың түрлері күрт көбейіп отыр. Телефон арқылы қоңырау шалу, әлеуметтік желілерде жалған хабарламалар тарату, бейтаныс сілтемелер жіберу сияқты әдістердің қатарына енді deepfake технологиясы мен жасанды дауыс та қосылды. Бұл заманауи технологияларды қылмыскерлер азаматтарды алдау, қаржыларын иемдену және қоғамда дүрбелең туғызу мақсатында жиі пайдаланып жүр.
Жетісу облысы Полиция департаменті deepfake және жасанды дауыс арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер көбейгенін ескертіп, тұрғындарды сақ болуға шақырады. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, қылмыскерлер туысының немесе әріптесінің даусын айнытпай көшіріп, «жедел ақша керек» деген желеумен қаражат аудартуға тырысады. Сондай-ақ ұйым қызметкерлеріне басшылықтың атынан қоңырау шалып, төлем жасауды талап ететін жағдайлар тіркелуде.
Deepfake — адамның бейнесін айнытпай жасайтын жалған фото-бейне технологиясы. Ол жалған ақпарат таратуға, қоғамды адастыруға, беделге нұқсан келтіруге және бопсалауға жиі қолданылады. Полиция мұндай материалдар саясаткерлерге, бизнес өкілдеріне және мемлекеттік қызметшілерге қатысты жасалғанда, оның салдары жеке беделден бөлек, қоғамдық тұрақтылыққа да әсер етуі мүмкін екенін ескертеді.
Жасанды дауыс та алаяқтардың негізгі құралына айналды. Заманауи алгоритмдер бірнеше минуттық аудиоға сүйеніп, адамның үнін, екпінін қайталайды. Соның арқасында туыстың атынан «апатқа ұшырадым», «шұғыл ақша керек» деген хабарламалар немесе ұйымдарға «басшының тапсырмасы» ретінде жалған нұсқаулар түседі. Мұндай жағдайда полиция азаматтарға ақпаратты міндетті түрде нақтылап, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуді ескертеді.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, жалған бейне мен дауыс тек жеке адамдарға ғана емес, ұлттық қауіпсіздікке де қатер төндіреді. Олар қоғамда дүрбелең туғызып, мемлекеттік институттарға деген сенімді әлсіретуі және қаржылық қылмыстарға жол ашуы мүмкін. Осыған байланысты полиция прокуратура, қаржы ұйымдары және IT-секторымен бірлесіп, күмәнді контентті анықтау тетіктерін күшейтіп, азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.
Полиция департаменті ақпаратты тексеруге, белгісіз сілтемелерді ашпауға, бейне мен аудионы бірнеше дереккөзден растауға кеңес береді. Ұйымдарға төлемдерді растаудың көпсатылы тәртібін енгізу ұсынылады. Жалған ақпарат тарату, алаяқтық және бопсалау заңмен қатаң жазаланатыны ескертіліп, күмәнді жағдайға тап болғандар дереу 102 нөміріне хабарласуы қажет.

Алакөл туризмі рекорд орнатты: 1,8 миллион демалушы қабылданды
Аймақтар

«Қорғас» халықаралық хабы екі есе өсті – бюджетке 3,5 млрд теңге түсті

5 декабря, 2025
Алакөл туризмі рекорд орнатты: 1,8 миллион демалушы қабылданды
Аймақтар

Алакөл туризмі рекорд орнатты: 1,8 миллион демалушы қабылданды

5 декабря, 2025
Жетісуда тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері 37,7 пайызға артты
Құқық

Жетісуда тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері 37,7 пайызға артты

1 декабря, 2025
Жетісу облысында шетелдік келушілер саны 43%-ға өсті
Құқық

Жетісу облысында шетелдік келушілер саны 43%-ға өсті

26 ноября, 2025
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу