ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Аймақтар

Алакөл туризмі рекорд орнатты: 1,8 миллион демалушы қабылданды

5 декабря, 2025
Алакөл туризмі рекорд орнатты: 1,8 миллион демалушы қабылданды
Share on FacebookShare on Twitter

Жыл басынан негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 91,3 млрд теңгеге жетті. «Достық-Мойынты» теміржолы арқылы Алакөлге 45,2 млрд теңге инвестиция тартылды. Алакөл ауданы әкімі Алмас Абдинов аудан экономикасының тұрақты өсуін жариялады.

Инвестицияның негізгі бөлігі бюджеттен тыс қаражат есебінен тартылған, оның ішіндегі ең ауқымды жоба – аудан аумағынан өтетін «Достық-Мойынты» жаңа теміржол желісінің құрылысы болды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 117%-ға өсіп, 57,5 млрд теңгені құрады. Өнеркәсіп саласы да 119%-ға өсім көрсетті.

Сондай-ақ, Алакөл көлінің жағалауына демалушылар ағыны артып, туризм саласы аудан экономикасын нығайтуда. Биыл Алакөл жағалауына 1,8 млн адам демалушы келді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5,8%-ға жоғары. Қызмет көрсету көлемі 6,3 млрд теңгеге жетіп, 1,2 есе өсті. Туристік нысандар саны 320 бірлікке жетті.

Жағалаудағы ең ірі жобалардың бірі – 9,8 млрд теңгеге Ақши және Бескөл ауылдары арасындағы жоғары кернеулі электр желісі құрылысы аяқталды.

Сонымен қатар, Алакөл көлінің туристік әлеуетін арттыру мақсатында жағажай аймағының тазалығына ерекше көңіл бөлуде. Осыған орай, жағалауды күтіп ұстау үшін «Алакөл Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының құрылды. Кәсіпорынның басты міндеті – жыл бойы туристік аймақтың санитарлық-гигиеналық жағдайын тұрақты бақылау және жақсарту.

Экология және қорғаныс: 1,5 млрд теңгеге бөлінген қаражат есебінен көлдің шайылуын болдырмау мақсатында қоршау бөгетін (дамба) салудың бірінші кезеңі басталды.

Алакөл ауданы әкімдігі әлеуметтік осал топтағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша маңызды жұмыстарды аяқтауға жақындады. Аудан әкімі Алмас Абдинов брифингте мәлімдегендей, бұл мақсатқа биыл 2,1 млрд теңге қаржы бөлінген.

Биылғы жоспар бойынша жалпы 100 тұрғын үй сатып алу көзделген болатын. Қазіргі таңда бұл жоспардың басым бөлігі іске асырылды. Бүгінде 78 тұрғын үй сатып алынып, мұқтаж отбасыларға берілді. Қалған 22 тұрғын үй осы желтоқсан айының соңына дейін берілетін болады.

Осылайша, әлеуметтік бағыттағы баспанамен қамту жоспары толық орындалмақ.

Алакөл туризмі рекорд орнатты: 1,8 миллион демалушы қабылданды
Аймақтар

«Қорғас» халықаралық хабы екі есе өсті – бюджетке 3,5 млрд теңге түсті

5 декабря, 2025
Алакөл туризмі рекорд орнатты: 1,8 миллион демалушы қабылданды
Аймақтар

Алакөл туризмі рекорд орнатты: 1,8 миллион демалушы қабылданды

5 декабря, 2025
Жетісуда тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері 37,7 пайызға артты
Құқық

Жетісуда тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері 37,7 пайызға артты

1 декабря, 2025
Жетісу облысында шетелдік келушілер саны 43%-ға өсті
Құқық

Жетісу облысында шетелдік келушілер саны 43%-ға өсті

26 ноября, 2025
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу