Елдің дамуы әр адамға күнделікті қажет қарапайым дүниелерден басталады. Бұл – сапалы жол, қолжетімді медицина, заманауи мектеп, таза ауыз су және жайлы өмір сүру жағдайы. Сондықтан Президенттің ауқымды инфрақұрылымдық құрылыс бастамасы өте маңызды деп ойлаймын. Әсіресе, жаңа жобалар тек үлкен қалаларды емес, шағын елді мекендерді де қамтуы қажет. Себебі әр өңірдің тұрғыны өмір сүруге және дамуға бірдей мүмкіндік алуы керек. Осы жоспарлар нақты іске асып, халық оның нәтижесін күнделікті өмірде сезінсе екен деймін.
Айжан Мұратова
Алакөл ауданының «Жанұя» әлеуметтік қолдау орталығының маманы





