Мен үшін мемлекеттің даму көрсеткіші — азаматтардың қаншалықты жайлы әрі қауіпсіз өмір сүріп жатқаны. Сапалы медициналық көмек алу, балаларға жақсы білім беру және отбасын лайықты қамтамасыз ету — әр адам үшін маңызды мәселелер. Президент Жолдауында медициналық және білім беру нысандарын салу, мұғалімдерді қолдау және инклюзивті білім беруді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Меніңше, бұл өте маңызды бағыттар, өйткені елдің болашағы балалардың денсаулығы мен біліміне тікелей байланысты. Сонымен қатар мемлекеттік қолдау шынымен мұқтаж адамдарға жеткені дұрыс деп есептеймін. Ең бастысы, барлық өзгерістер қағаз жүзіндегі көрсеткіштер үшін емес, адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жасалуы керек.
Ляззат Испанова
Қаратал ауданы Қ. Тоқаев атындағы орта мектептің директоры





