Қазіргі әлемдегі күрделі жағдайды ескерсек, қоғамдағы бірлік пен ішкі тұрақтылықты сақтау ерекше маңызды. Президент Жолдауында айтылған «Қоғамда келісім болмаса, даму да болмайды» деген оймен толық келісемін. Алайда бірлік тек сөз жүзінде қалмауы керек, ол өзара құрметтен, жауапкершіліктен және ортақ болашақ үшін еңбек етуден көрінуі тиіс. Менің ойымша, әр адам өзгерісті алдымен өзінен бастауы қажет: өз жұмысын адал атқарып, заңды құрметтеп, айналасында болып жатқан оқиғаларға бейжай қарамауы керек. Қазақстанға ауқымды жобалармен қатар, белсенді әрі жауапты азаматтар да қажет. Сонда ғана келер ұрпақ мақтан тұтатын, өмір сүруге қолайлы мемлекет құра аламыз.
Жайық Тазабекұлы
Директор филиала Академии государственного управления при Президенте РК по области Жетісу





