Бүгінде заманауи технологияларсыз елдің дамуын елестету қиын. Жасанды интеллект, цифрлық сервистер мен жаңа технологиялық шешімдер күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналып келеді. Сондықтан Жолдауда цифрлық экономиканы қалыптастыру міндетінің жеке бағыт ретінде белгіленуін орынды деп санаймын. Ең маңыздысы, технологиялардың игілігін тек ірі қала тұрғындары ғана емес, шалғай ауылдардағы азаматтар да көруі керек. Мысалы, цифрлық платформалар арқылы жұмыс істеу, білім алу және жеке кәсіпті дамыту адамдарға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бастысы, цифрландыру халыққа, экономикаға және еліміздің болашағына нақты пайда әкелуі тиіс.
Мәулен Жұмабеков
Текелі қаласы Мәдениет үйі басшысының орынбасары





